Қалада тұрғындардың денсаулығын қорғау мен медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстар атқарылуда. Дәрігерлердің біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлініп, шетелдік клиникаларда оқыту, менторлық мастер-класстар ұйымдастырылды. 2025 жылға бұл мақсаттарға 381,8 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды DKNews.kz.


2025 жылы:
1 жүрек, 17 бүйрек трансплантациясы
1 140 жоғары технологиялық ота
350+ кардиохирургиялық, 100+ нейрохирургиялық ота жасалды

Қалалық клиникалық балалар ауруханасында Балалар кардиохирургиясы, перзентханада Бір күндік клиника және Неонаталды хирургия бөлімшелері ашылды. Онкология орталығында елімізде алғаш рет күрделі ота сәтті жасалды. Медициналық инфрақұрылым жаңарып, 2 аурухана күрделі жөндеуден өтті, жедел жәрдемге 40 жаңа автокөлік алынды. Жабдықталу деңгейі 90%-ға жетті. Жасанды интеллект негізіндегі PACS Systems, Cerebra, Puls AI жүйелері енгізілуде. Дәрі-дәрмекпен қамту мен госпитальды фармация нәтижесінде 200 млн теңгеден астам қаржы үнемделді.