Қазақстан 61-ші Венеция биенналесіне дайындалуда: финалистер белгілі болды

2101
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасының Ұлттық павильоны аясында 61‑ші Венеция биенналесінде көрме өткізу конкурсының бірінші кезеңінің нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Барлығы 17 өтініш түсті, олардың 12-сі іріктеуден өтті.

Қазылар алқасының бағалауы бойынша үш финалист анықталды:

«QONGYR: тыныштық архиві» тұжырымдамасы
Жетекшісі: Сырлыбек Бекботаев

«Qoñyr» тұжырымдамасы
Жетекшілері: Әсел Ахметжанова, Әсел Мұқашева және Малика Оразғалиева

«Су тәндерінің жыры»
тұжырымдамасы
Жетекшілері: Әйгерім Қапар және Асыл Ишахова

Финалға өткен үш жоба байқаудың екінші кезеңіне жолдама алып, қазылар алқасымен онлайн форматта кездесті.

9 қаңтар күні Қазақстанды 61‑ші Венеция биенналесінде таныстыратын жоба анықталады.

Ұлттық павильонның комиссары – Қазақстан Республикасы Премьер‑министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -