Мәдениетті мемлекеттік қолдау шаралары жаңа деңгейге көтерілуде

1914
Фотосурет: Akorda

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қазақстан Республикасының Президенті атынан мәдениет және өнер қайраткерлеріне мемлекеттік стипендияларды табыс етті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жыл сайын тағайындалатын стипендия – мемлекеттің шығармашылық өкілдеріне, жас таланттарға деген ерекше көңілі мен шынайы қолдауының айқын дәлелі. Әрі бұл олардың отандық мәдениетті дамытуға және халықаралық деңгейде ілгерілетуге қосқан үлесін мойындау, лайықты бағалау болып саналады.

Осы жылы 75 адам мемлекеттік қолдауға ие болды. Олардың қатарында Марфуға Айтқожа, Олжас Сүлейменов, Геннадий Балаев, Ақұштап Бақтыгереева, Смағұл Елубай, Шайза Ахметова, Алтыншаш Жағанова, Ғаббас Қабышұлы, Тынымбай Нұрмағанбетов, Гүлнар Салықбаева, Қайрат Байбосынов, Камилла Ли, Досхан Жолжақсынов, Нұрғали Нүсіпжан, Жанғали Жүзбай, Юрий Клушкин және басқалары бар. Сонымен қатар опера әншісі Мария Мудряк, театр актрисасы Алтынай Нұрбек, кино және театр актері Бәзіл Сұлтанғазы, актрисалар Самал Еслямова мен Екатерина Максим және басқа да жас таланттар мемлекеттік стипендиямен марапатталды.

Мемлекеттің қолдау шарасы мәдениет қайраткерлерінің кәсіби шеберлігін шыңдауға, жаңа идеялар мен жобаларды жүзеге асыруға бағытталған.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мәдениет және өнер қайраткерлерін жүйелі қолдау, мәдени инфрақұрылымды одан әрі дамыту Президент Қасым-Жомарт Тоқаев саясатының негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Мемлекеттік қолдау шаралары шығармашылықтың өрісін кеңейтіп, елдегі мәдени тұтастықты нығайтуға, халықаралық мәдени кеңістікте Қазақстанның абыройын асқақтатуға ықпал етеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -