Ауылдағы еріктілер Қазақстанда өртке қарсы қауіпсіздікті күшейтуде

2332
Фотосурет: Gov

Қазақстанда «Ауыл құтқарушылары» атты 154-ші ерікті бекет ашылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Шығыс Қазақстан облысының Алтынбел ауылында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында құрылған 154-ші ерікті өрт сөндіру пунктін ашты. Бұл бастама Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі тарапынан жүзеге асырылып, ауылдық елді мекендердегі өртке қарсы инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.

Бағдарлама мемлекеттік өрт сөндіру бөлімдерінен шалғай орналасқан елді мекендерде ерікті өртке қарсы құрылымдар желісін құруды көздейді. Мұндай бекеттер ауылдық округтердің базасында жасақталып, өрттер мен төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету дайындығынан өткен жергілікті тұрғындардан құралады.

Бағдарлама аясында ТЖМ ерікті пункттерді өрт сөндіру техникасымен, бастапқы өрт сөндіру құралдарымен, сорғы жабдықтарымен, жеңқұбырлармен, құрал-саймандармен және қорғаныш экипировкасымен қамтамасыз етеді. Еріктілер нысанды киіммен жабдықталып, өрт-тактикалық сабақтар мен оқу-жаттығуларды қоса алғанда, практикалық дайындықтан өтеді.

ТЖМ деректеріне сәйкес бағдарламаны іске асыру ауылдық жерлерде өртке әрекет ету уақытын қысқартуға және оларды бастапқы кезеңде оқшаулау деңгейін арттыруға мүмкіндік берді. Алтынбел ауылында пункттің ашылуымен Алтынбел ауылдық округіне қарасты Егінді, Майемер, Алтынбел және Үштөбе атты төрт ауыл өртке қарсы қорғауға алынды. Аталған елді мекендерде шамамен 1 600 адам тұрады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -