Шығыс Қазақстанда тас жолда жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды

3080
Фотосурет: QazAvtoJol

Шығыс Қазақстан облысында Белоусовка — Риддер автожолының бір бөлігі уақытша жабылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

2026 жылғы 07 қаңтар сағат 16:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Өскемен – Риддер – РФ шекарасы» автожолының 15-105 шақырымы аралығында (Белоусовка ауылынан Риддер қаласына дейін) жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады.

Жолды 2026 жылғы 08 қаңтар сағат 06:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -