Кафедегі өрт: Қарағандыдағы оқиға туралы не белгілі

4840
Фотосурет: Gov

ТЖМ қызметкерлері өрттің таралуына жол бермеді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бүгін күндіз Қарағанды қаласы Бұқар жырау даңғылында орналасқан бір қабатты рестобарға жапсарлас салынған дәмхананың ішінде пластик қабырға панельлері, тұрмыстық техника және жиһаздардың жануы орын алды. 

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары өрттің одан әрі таралуының алдын алып, ғимаратты сақтап қалуға мүмкіндік туды. 

Құтқарушылардың дер кезінде және кәсіби іс-қимылының арқасында өрт 15 шаршы метр аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -