Алакөл ауданында құтқару операциясы жүргізілді

3322
Фотосурет: Gov

Жетісу облысында қар құрсауынан 4 адам құтқарылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жетісу облысы Алакөл ауданында, Жайпақ ауылының шетінде қар құрсауында адамдар қалып қалғаны туралы 112 пультіне хабарлама келіп түсті.  

Құтқарушылар оқиға орнына жедел түрде шықты.
Оқиға орнына келген кезде қар құрсауында бір жеңіл автокөлік тұрғаны анықталды. Көлік ішінде 4 адам, оның біреуі бала болған.

Құтқарушылар автокөлікті қауіпсіз жерге дейін жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болмады.

ТЖМ тұрғындардан жолға шығар алдында ауа райын ескеріп, тас жолдарда қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -