FlyArystan Алматы – Самарқан бағыты бойынша тікелей рейстерді қайта іске қосады

1738
Фотосурет: FlyArystan

Қазақстандық лоукостер FlyArystan 2026 жылдың көктем және күз маусымдарына арналған кесте аясында Алматы – Самарқан – Алматы халықаралық бағыты бойынша әуе билеттерінің сатылымы ашылғанын хабарлайды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Рейстер аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері орындалады. Көктемгі маусымда ұшулар 21 наурыз бен 30 мамыр аралығында, ал күзгі маусымда 1 қыркүйектен 24 қазанға дейін жүзеге асырылады.

Бір бағыттағы әуе билеттерінің құны 34 000 теңгеден басталады.

Ричард Леджер, “FlyArystan” АҚ Президенті:

«2026 жылы FlyArystan халықаралық маршруттық желіні кеңейтуді жалғастыра отырып, қолжетімді әуе тасымалдары мен тұрақты операциялық қызметке басымдық береді. Алматы – Самарқан бағыты бойынша рейстердің қайта ашылуы жолаушылардың Өзбекстанға сапарларға деген тұрақты қызығушылығын көрсетеді және Орталық Азияда тікелей әуе қатынасын дамыту стратегиямызға толық сай келеді».

Күндізгі ыңғайлы ұшу уақыты жолаушыларға сапарды тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді. Сол арқылы қысқа мерзімді іскерлік сапарлар үшін де, ұзақ уақытқа арналған саяхаттар үшін де қолайлы.

Әуе билеттерін FlyArystan мобильді қосымшасы арқылы, www.flyarystan.com ресми сайтында, сондай-ақ өзге де қолжетімді арналардан сатып алуға болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -