Жануарларға арналған шырша жинау: Алматы зообағы экологиялық акцияны бастады

1870
Фотосурет: Gov

Алматы хайуанаттар бағы пайдаланылған табиғи жаңа жылдық шыршаларды қабылдауға арналған экологиялық акцияны бастады. Бұл бастама жасыл желектерге «екінші өмір» сыйлап, жануарлардың әл-ауқатын жақсартуға үлес қосуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жаңа жыл мерекелері аяқталғаннан кейін қала тұрғындары тірі шыршаларды қоқысқа тастамай, оларды Алматы хайуанаттар бағына тапсыра алады. Қабылданған ағаштар жануарлар қоршауына қойылып, олардың тіршілік ортасын байыту мақсатында пайдаланылады.

Шыршалар бұғы, елік, қодас, қабан және басқа да жануарлардың қоршауында қолданылады. Жануарлар жаңа заттарға ерекше қызығушылық танытып, шыршаларды иіскеп, дәмін татып, тартып, секіріп, бұтағына сүйкеніп, қабығымен ойнайды. Бұл олардың қимыл-қозғалысын арттырып, күйзелісті азайтып, күнделікті тіршілігін әрлендіре түседі.

Аталған акция экологиялық шара ғана емес, бұл адамдарды табиғатқа жанашырлықпен қарауға, саналы тұтынуға шақыратын тағылымды бастама.

Шыршаларды қабылдау орны:
Алматы хайуанаттар бағының қызметтік кіреберісі
Алматы қаласы, Орманов көшесі, 64

Қабылдау мерзімі: 8-18 қаңтар
Тек табиғи, тірі шыршалар қабылданады

Байланыс телефоны: 8 (701) 676-85-85

Алматы зоологиялық паркі қала тұрғындары мен қонақтарын акцияға қатысуға, жануарлар мен қоршаған ортаны қорғауға үлес қосуға шақырады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -