ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 25 адамды құтқарып, эвакуациялады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданында Лобода көшесінде орналасқан 5-қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің жертөле қабатындағы қоймада пайдаланылған заттар мен қоқыстардың жануы орын алды.
ТЖМ құтқарушыларының жедел әрекетінің арқасында құтқару қалпағын қолдану арқылы 10 адам, оның ішінде 2 бала, сондай-ақ баспалдақ маршымен 15 адам, оның ішінде 3 бала қауіпсіз жерге шығарылды.
Тұрғындар өрт сөндірушілерге жеделдігі мен кәсібилігі үшін алғыс білдірді. Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.