Таңғы сағат 07:00-ден бастап негізгі автожолдар ашылды — бағытыңызды тексеріңіз

902
Фотосурет: freepik.com

Көлік қозғалысы Қазақстанның төрт өңірінде бірдей қайта қалпына келтірілді, деп хабарлайды DKNews.kz.

2026 жылғы 13 қаңтар сағат 07:00-де келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашылады:

Павлодар облысы:

  • «Павлодар – Шарбақты – РФ шекарасы (Шарбақты ө/п )» 0-112 шақырым аралығы (Павлодар қаласынан РФ шекарасына дейін).
  • «Астана-Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» 0-152 шақырым аралығы (Павлодар қаласынан РФ шекарасына дейін).
  • «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан қаласын айналып өту – Қалбатау – Семей – Павлодар - РФ шекарасы (Үрлітөбе ө/п)» 191-390 шақырым аралығы (Мичурин ауылынан РФ шекарасына дейін).
  • «Атамекен–Ақсу-Көктөбе-Үлкен Ақжар-Курчатов» 25-220 шақырым аралығы (Атамекен кентінен Абай облысы шекарасына дейін).
  • «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 1135-1206 шақырым аралығы (Қарағанды облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін)
  • «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» автожолының 0-231 шақырымы аралығы (Қалқаман ауылынан Қарағанды облысының шекарасына дейін);
  • "Атамекен – Ертіс – Русская Поляна" автожолының 0-263 шақырым аралығы (Атамекен ауылынан РФ шекарасына дейін)
  • «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 200-431 шақырым аралығы (Ақмола облысы шекарасынан - Атамекен ауылына дейін).  

Абай облысы:

  • «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан айналма жолы – Қалбатау –Семей – Павлодар –РФ шекарасы» автожолының 587-733 шақырым аралығы Павлодар облысының шекарасынан Семей қаласына дейін

Қарағанды облысы: 

  • «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерты» автожолының 1067–1135 шақырым аралығы (Молодёжный ауылынан Павлодар облысы шекарасына дейін);
  • «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» автожолының 231–324 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасы – Ботақара ауылы)

Ақмола облысы: 

  • «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 16-200 шақырым аралығы (Астана қаласынан Павлодар облысы шекарасына дейін)
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -