Жолдардағы жағдай: 15 қаңтарда қай трассалар ашық

858
Фотосурет: Жетісу облысы ТЖД

2026 жылғы 15 қаңтарда Қарағанды, Батыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Ұлытау мен Жетісу облыстарында кей жерлерде қар жауып, боран соғады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Осыған байланысты жүргізушілерден жылдамдық режимін және қауіпсіздік ережелерін сақтауды, сондай-ақ жолдардағы ауа райының нашарлауын ескеруді сұраймыз

2026 жылғы 15 қаңтар күні сағат 09:00-дегі жағдай бойынша республикалық маңызы бар келесі автожолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашық

Абай облысы:
– «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан айналма жолы – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолының 587–733 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасы – Семей қаласы)

Қарағанды облысы:
– «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 1067–1135 шақырым аралығы (Молодежный кенті – Павлодар облысының шекарасы)
– «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» автожолының 231–324 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасы – Ботақара кенті)

Павлодар облысында республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстау жұмыстары жүргізілуде
Жол қызметтері жолдарды қардан тазалап, көктайғаққа қарсы материалдар себуде

Сағат 09:30-да Ақмола облысында республикалық маңызы бар автожолдардың барлық бағыттары бойынша қозғалыс ашылды

2026 жылғы 15 қаңтар күні сағат 09:00-де республикалық маңызы бар «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 776–836 шақырым аралығында (ECO Oil жанармай құю бекеті – Хромтау қаласы) жеңіл автокөліктер үшін қозғалыс ашық

Сағат 09:30-да Солтүстік Қазақстан облысында республикалық маңызы бар автожолдардың барлық бағыттары бойынша қозғалыс ашылды

2026 жылғы 15 қаңтар күні сағат 09:30-да республикалық маңызы бар келесі автожолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашық

Қарағанды облысы:
– «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 92–164 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы – Теміртау бақылау-өткізу бекеті)
– «Астана – Қабанбай батыр – Нұра – Теміртау» автожолының 51–101 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы – Нұра кенті)

Қостанай облысы:
– «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай (айналма жол) – РФ шекарасы (Қайрақ бекеті)» автожолының 555–729 шақырым аралығы (Тобыл қаласы – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы)
– аталған автожолдың 418–539 шақырым аралығы (Қарабалық кенті – Қостанай қаласы)
– «Мамлютка – Қостанай» автожолының 180–403 шақырым аралығы (Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы – Тобыл қаласы)
– «Қостанай – Әулиекөл – Сурған» автожолының 8–232 шақырым аралығы (Тобыл қаласы – Ақмола облысының шекарасы)
– «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 340–377 шақырым аралығы (Арқалық қаласы – Ақмола облысының шекарасы)

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -