Халықаралық бағыттағы автобус далада тоқтап қалды: жолаушыларды ТЖМ эвакуациялады

1111
Фотосурет: Gov

ТЖМ құтқарушылары бұзылып қалған автобустың жолаушыларын эвакуациялады, деп хабарлайды DKNews.kz.

112 пультіне Ақтөбе облысы Ирғыз ауданында «РФ шекарасы – Ақтөбе – Қызылорда – Алматы – ҚХР шекарасы» автожолының 1094-шақырымында «Мәскеу – Ташкент» бағытымен келе жатқан жолаушылар автобусының істен шыққаны және құтқарушылардың көмегі қажет екені туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына ТЖМ күштері мен құралдары жедел түрде аттанды. Техникалық ақауы бар автобустан 13 адам эвакуацияланып, Қалыбай ауылының «Көшпенді» кемпингіне жеткізілді.

Жолаушылардың арасында Қазақстан Республикасының 2 азаматы және Өзбекстан Республикасының 11 азаматы болған.

Эвакуацияланған азаматтарға медициналық көмек қажет болған жоқ.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -