Ақтөбе облысында 46 жолаушысы бар халықаралық автобус жолда тоқтап қалды

1067
Фотосурет: Gov

Құтқарушылар халықаралық автобустың 46 жолаушысын эвакуациялады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бүгін Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында республикалық маңызы бар «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолының 89-шақырымында құтқарушылардың жергілікті атқарушы органдармен бірлескен күшімен техникалық ақауы бар автобустың жолаушыларын эвакуациялау жұмыстары жүргізілді.

Автобус Екатеринбург – Худжанд бағытымен жүріп келе жатқан, алайда техникалық себептерге байланысты қозғалысын жалғастыра алмады.

Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің нәтижесінде 46 адам, оның ішінде Ресей Федерациясының, Өзбекстан Республикасының, Тәжікстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын жүргізуші эвакуацияланып, Т. Жүргенов атындағы ауылдағы жылыту пунктіне жеткізілді.

Зардап шеккендер жоқ. Эвакуацияланғандардың барлығына қажетті көмек көрсетілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -