Экология, климат және экономика: Қазақстан үшін жаңа сын-қатерлер

1045
Фотосурет: Canva

Климаттың өзгеруі экологиялық және әлеуметтік-экономикалық аспектілерге әсер етіп, тұрақты дамуға үлкен қауіп төндіреді. Еліміз георграфиялық орналасуына байланысты климаттық өзгерістерге бейім. Мәселенің күрделілігін түсініп, халықаралық қауымдастық  оған қарсы шараларды күшейтуді белсенді түрде қолдайды, бұл көптеген халықаралық құжаттар мен қарарларда көрсетілген, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан барлық негізгі халықаралық Климаттық келісімдердің қатысушысы бола отырып, парниктік газдар шығарындыларын азайтуға және өз экономикасын өзгермелі климаттық жағдайларға бейімдеуге ұмтылады.

Бұл ретте ел экономикасын жаһандық климаттық трендтерге бейімдеу, жасыл инвестицияларды қолдау және энергия тиімділігін қамтитын,  Көміртегі бейтараптығына қол жеткізудің 2060 жылға дейінгі стратегиясын бекіту маңызды қадам болып табылады.

Климаттық мақсаттарды іске асыру үшін Қазақстан Халықаралық қолдау шартымен 1990 жылғы деңгейден 2030 жылға қарай шығарындыларды шартсыз түрде 15% және шартты 25%-ға төмендету жөніндегі мақсаттармен БҰҰ-на өзінің Ұлттық деңгейде айқындалатын үлестерін (ҰДАҮ) ұсынды.

Қазақстан жасыл технологияларды қолдау үшін инфрақұрылымды белсенді дамытуда және ластануды азайту үшін ең үздік қолжетімді технологияларды (ЕҚТ) енгізе отырып, инвестициялар тартуда, бұл кәсіпорындардың экономикалық тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Қазақстанда декарбонизацияның маңызды аспектісі геотермалдық, жел және күн энергиясы, сондай-ақ «жасыл» сутегі сияқты жаңартылатын энергия көздерін пайдалану болып табылады.

2026 жылы Өңірлік экологиялық саммитті өткізу жөніндегі бастама Орталық Азиядағы күш-жігерді шоғырландыруға ықпал етеді.

2026 жылғы 22–24 сәуір аралығында Астана қаласында өтетін Саммиттің сегіз негізгі бағытына климаттық ауысуды қолдау, экологиялық және табиғи тәуекелдерге бейімделу және экономикалық орнықтылық, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігі мен экожүйелері, табиғи ресурстарды орнықты басқару, атмосфералық ауаның ластануымен күрес және қалдықтарды басқару, экологиялық мақсаттарға қол жеткізу тетіктері, әділетті және инклюзивті ауысу, сондай-ақ экологиялық және цифрлық құзыреттер кіреді. Саммит алдындағы консультациялар өңір үшін нақты шешімдерді әзірлеуге мүмкіндік береді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -