Сағат 09:00-де Солтүстік Қазақстан облысында, сондай-ақ Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарында республикалық маңызы бар автожолдардың барлық бағытында көлік қозғалысы ашылды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Ақтөбе облысы:
– «РФ шекарасы – Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 776–1240 км аралығы (ECO Oil ЖҚС – Қызылорда облысының шекарасы).
– «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолының 5–234 км аралығы (Қарабұтақ ауылы – Қостанай облысының шекарасы).
Қызылорда облысы:
– «РФ шекарасы – Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1240–1362 км аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы – Арал қаласы).
2026 жылғы 17 қаңтарда сағат 09:00-де республикалық маңызы бар келесі автожолдарда барлық көлік түрлері үшін қозғалыс ашылды:
– «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 92–164 км аралығы (Ақмола облысының шекарасы – Теміртау БӨП).
– «Астана – Қабанбай батыр – Нұра – Теміртау» автожолының 51–101 км аралығы (Ақмола облысының шекарасы – Нұра кенті).
– «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 1066–1135 км аралығы (Молодежный кенті – Павлодар облысының шекарасы).
– «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» автожолының 231–324 км аралығы (Павлодар облысының шекарасы – Ботақара кенті).
– «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Боғыс» автожолының 217–320 км аралығы (Қарқаралы қаласынан Абай облысының шекарасына дейін).
Сондай-ақ барлық көлік түрлері үшін қозғалыс келесі учаскелерде ашылды:
– «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» автожолының 718–786 км аралығы (Жетібай кенті – Ақтау қаласы).
– «Жетібай – Жаңаөзен – Түрікменстан шекарасы» автожолының 0–58 км аралығы (Жетібай ауылы – Жаңаөзен қаласы).
– «Ақтау – Құрық» автожолының 13–72 км аралығы (Ақтау қаласы – Құрық ауылы).
«Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы (Құрманғазы өткізу пункті)» автожолының 337–346 км аралығында (Ақтөбе облысының шекарасы – Сағыз ауылы) барлық көлік түрлері үшін қозғалыс ашылды.
Қозғалыс келесі учаскелерде де ашылды:
– аталған автожолдың 104–181 км аралығы (Қандыағаш қаласы – Шұбарқұдық кенті).
– 181–337 км аралығы (Шұбарқұдық кенті – Атырау облысының шекарасы).
– «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолының 910–1002 км аралығы (Қалбатау ауылы – Көкпекті ауылы).
– «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсанды айналып өту – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолының 587–733 км аралығы (Павлодар облысының шекарасы – Семей қаласы).
– осы бағыттың 756–906 км аралығы (Семей қаласы – Қалбатау ауылы).
– «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 778–971 км аралығы (Аягөз қаласы – Қалбатау ауылы).
– «Семей – Қайнар» автожолының 8–284 км аралығы.
– «Семей – РФ шекарасы» автожолының 2–113 км аралығы.
– «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Боғыс» автожолының 320–941 км аралығы (Қарағанды облысының шекарасы – Боғыс ауылына бұрылыс).
Сағат 10:30-да ауа райының нашарлауына байланысты «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсанды айналып өту – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолының 1177–1256 км аралығында (Ақжар ауылына бұрылыс – Зайсан қаласы) барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.
Сағат 12:00-де республикалық маңызы бар келесі автожолдарда барлық көлік түрлері үшін қозғалыс ашылды.
Жамбыл облысы:
– «РФ шекарасы – Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының «Қордай асуының жаңа айналма жолы» учаскесі, 238–334 км (Қайнар ауылы – Медовый городок кенті).
– осы бағыттың 534–593 км аралығы (Айша-бибі кентінен Түркістан облысының шекарасына дейін).
Түркістан облысы:
– осы бағыттың 593–652 км аралығы (Жамбыл облысының шекарасы – Машат ауылы).
Сондай-ақ «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» автожолының 632–718 км аралығында (Шетпе ауылы – Жетібай ауылы) барлық көлік түрлері үшін қозғалыс ашылды.
Сағат 13:00-де Шығыс Қазақстан облысында «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 1194–1212 км аралығында (Шемонаиха қаласы – РФ шекарасы) жеңіл автокөліктер үшін қозғалыс ашылды.
Жамбыл және Ақмола облыстарында республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жол қызметтері жолдарды қардан тазартып, көктайғаққа қарсы материалдар себуде.