7 қаңтар күні сағат 11:45-те полицияның кезекші бөліміне Абай ауданы Юбилейное ауылдық округінде екі адамның із-түссіз жоғалғаны жөнінде хабарлама түсті.
Алдын ала мәлімет бойынша 16 қаңтар күні кешкі уақытта олар Toyota Land Cruiser автокөлігімен мал іздеуге шығып, кейін байланысқа шықпаған. Іздеу жұмыстары барысында жоғалған азаматтардың туыстары Айда қыстауының маңынан автокөлікті тапқанымен, ішінде адамдар болмаған.
Осыдан кейін полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырды. Іздеуге төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары тартылып, қол жетуі қиын аумақтарды барлау мақсатында ТЖД тікұшағы қолданылды. Сондай-ақ еріктілер де іздеу жұмыстарына атсалысты.
Координацияланған іздестіру шараларының нәтижесінде 39 және 68 жастағы азаматтарты полиция қызметкерлері іздеп тапты. Қазіргі уақытта олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.