«Торпедо» ХК Қазақстанның халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеді

1210
Фотосурет: Gov

Өскеменнің «Торпедо» хоккей клубы өз тарихында алғаш рет Континенталдық кубоктың күміс жүлдесін иеленді, деп хабарлайды DKNews.kz.

2025-2026 жылғы маусымның финалдық кездесулері Англияның Ноттингем қаласында өтті.

Турнирдің шешуші кезеңінде өскемендік команда жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетіп, нағыз мінез таныта білді. «Торпедо» даттың «Хернинг Блю Фокс» клубын 6:2 есебімен сенімді түрде жеңсе, Францияның «Дюк Д’Анже» командасымен өткен тартысты ойында овертаймда ғана 2:3 есебімен есе жіберді.

Ал алтын жүлде үшін өткен кездесуде қазақстандық клуб алаң иелері - «Ноттингем Пантерз» командасымен шеберлік байқасты. Турнир қорытындысы бойынша «Торпедо» жүлделі екінші орынды иеленді.

Бұл клуб тарихындағы Континенталдық кубоктағы ең үздік нәтиже. Бұған дейін өскемендік хоккейшілердің ең жоғары жетістігі 2007-2008 жылғы маусымда жеңіп алған қола жүлде болатын.

Континенталдық кубоктағы күміс медаль «Торпедо» үшін ғана емес, жалпы қазақстандық хоккей үшін де маңызды жетістік. Бұл нәтиже клубтың халықаралық аренадағы бәсекеге қабілетті екенін айқын дәлелдеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -