Трассаларда шектеулер бар: қай жерлерде қозғалыс шектелді және қай бағыттар 11:00-де ашылады

1078
Фотосурет: pixabay

Қазақстанның тағы үш облысында автокөлік қозғалысы шектелген, деп хабарлайды DKNews.kz.

2026 жылғы 19 қаңтар сағат 10:00-дегі жағдай бойынша ауа райының бұзылуына байланысты 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолында көлік қозғалысына шектеу қойылған:

Атырау облысы:

  • «Ақтөбе — Қандыағаш — Доссор — Атырау — РФ шекарасы» автожолының 621-841 шақырымы аралығы (Атырау қаласы — Құрманғазы ауылы). 

Шығыс Қазақстан облысы:

  • «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын — Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 7-450 шақырымы аралығы (Ушановское ауылы – Рахман қайнары шипажайы).

Жетісу облысы:

  • «Үшарал – Достық» автожолының 84-164 шақырым аралығы (Көктұма ауылы – Достық станциясы).

Шығыс Қазақстан облысында 2026 жылғы 19 қаңтар сағат 11:00-де республикалық маңызы бар «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын — Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 7-450 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ушановское ауылы – Рахман қайнары шипажайы) көлік қозғалысы ашылады.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -