Абай облысында заңсыз ағаш кесу мен жерді басып алу деректері анықталды

1364
Фотосурет: wirestock/freepik.com

Абай облысында прокуратура жер пайдалану және орманды қорғау саласындағы заңбұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бородулиха ауданының прокуратурасы мемлекеттік жерлерді заңсыз иелену және орманды заңсыз кесу фактілерін анықтады.

Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен «Ертіс орманы» МОТР РММ-нің лауазымды тұлғалары заңды негіздерсіз Успенка және Поднебесное елді мекендерінің жайылымдық алқаптарына дайындалған ағаш материалдарын орналастырған.

Аталған жер учаскелері «Ертіс орманы» МОТР РММ-не жер пайдалануға берілмеген.

Жерді заңсыз пайдалану фактілері бойынша «Ертіс орманы» МОТР РММ-нің екі лауазымды тұлғасы әкімшілік жауаптылыққа тартылып, айыппұлдары төленді.

Сонымен қатар, Новошульба филиалының Успенка орманшылығында жалпы көлемі 96,7 м³ болатын «қарағай» тұқымдас 92 ағаштың заңсыз кесілуі анықталды. Келтірілген залал 760 мың теңгеден асты.

Аталған факт бойынша аудан прокуратурасы материалдарды АЕК-да тіркеп, полиция органдарына жолдады, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша орман шаруашылығының лауазымды тұлғалары тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Жер пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласында заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі прокуратура органдарының жұмысы жалғасуда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -