Қандай жағдайларда банк шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатылады

1078
Фотосурет: Максим Золотухин/DKNews.kz

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті банктік шоттар (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру мынадай жағдайларда жүргізілетінін хабарлайды:

  • салық төлеуші (салық агенті) салықтық берешектің шекті мөлшерінен асатын сомадағы салықтық берешекті өтемеген;
  • салық органында тіркеу есебіне қою туралы хабарлама орындалмаған;
  • салық органының лауазымды адамдарының Салық кодексінде белгіленген салықтық тексеру жүргізу тəртібін бұзған жағдайлардан басқа, олар салық салу объектілерін жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілерді салықтық тексеруге жəне зерттеп-қарауға жіберілмеген;
  • камералдық бақылау нəтижелері бойынша анықталған алшақтықтар туралы хабарлама орындалмаған;
  • дебиторлық берешекті растау туралы хабарлама орындалмаған;
  • тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау жəне қызметтерді көрсету бойынша айналымның нақты жасалғанын растау туралы хабарлама орындалмаған жағдайларда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -