«Қарлығаш» фильмі ұлттық архивтік мұра мәртебесіне ие болды

869
Фотосурет: Gov

ҚР Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архивінде «Қазақстан» РТРК» АҚ қолдауымен түсірілген «Қарлығаш» (Swallow) деректі фильмінің көрсетілімі өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шара барысында деректі фильмді мемлекеттік сақтауға қабылдау туралы ресми құжатқа қол қойылды.

Фильмде «Айгүл» ансамблінің әншісі, 40 жылға жуық «Қазақстан» телеарнасында қызмет еткен қазақ телевизиясының ардагері, ҚР Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің кавалері Қарлығаш Мұртазинаның өнердегі жолы баяндалады. Картинада әнші тағдыры арқылы қазақ халқының тарихы, тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі көрсетілген.

«Қарлығаш» деректі фильмі Үндістан, АҚШ, Франция, Ұлыбританияда өткен кинофестивалдерде түрлі номинациялар бойынша жүлделерге ие болған.

Фильмді канадалық режиссер Марина Десяткина мен оператор Валерий Дегтярев таспалаған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -