Заң мен тәртіп: оқушыларға сот процесі қалай өтетіні көрсетілді

1056
Фотосурет: Gov

«Заңа және тәртіп» қағидаты аясында Астана қаласында Ыбырай Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясында оқушылардың қатысуымен оқу-имитациялық сот отырысы ұйымдастырылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шара Өтеген Сейітов атындағы Болашақ прокурорлар клубының пилоттық жобасы аясында өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын қалыптастыру, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және сот процесі мен заңдық жауапкершіліктің негіздерімен тәжірибелік тұрғыда таныстыру.

Оқу форматындағы сот отырысы нақты сот тәжірибесіне барынша жақын инсценировка түрінде өткізілді. Сценарийге сәйкес, білім беру ұйымының аумағына газ тапаншасын алып кірді деген айып тағылған оқушыға қатысты шартты қылмыстық іс қаралды. Сот процесіндегі барлық негізгі рөлді мектеп оқушылары өздері орындады.

Қорытындысында Астана қаласының Сарайшық аудандық прокурорының орынбасары Бауыржан Асқаров құқық бұзушылықтардың алдын алуда мұндай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -