Ұлттық кітапхана Қазақстанның көрнекті тұлғаларының мерейтойларына арналған көрмені ұсынды

1188
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында биыл мерейтойы аталып өтетін мемлекет және қоғам қайраткерлері, әдебиет пен өнер саласының 16 көрнекті өкіліне арналған көрме ашылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Олардың қатарында Жамбыл Жабаев, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Жұбанов, Сайын Мұратбеков және өзге де тұлғалар бар.

Көрме экспозициясына 350-ден астам баспа басылымы мен 200-ге жуық электронды материал қойылды. Кітапханаға келушілер мерейтой иелерінің өмірбаяны, кәсіби және қоғамдық қызметі жөніндегі мәліметтермен таныса алады. Мәдениет қайраткерлеріне жеке бөлім арналып, олардың театр, кино және музыка өнерін дамытуға қосқан үлесі таныстырылды.

Көрмені ҚР Ұлттық кітапхана оқырмандары жыл бойы тамашалай алады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -