23-25 қаңтарда Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болады

1254
Фотосурет: Antoine⁠/Pexels

Қаңтардың соңы қазақстандықтар үшін оңай болмайын деп тұр. Елдің бір өңірінде қыс аязымен және боранмен мінез көрсетсе, екінші өңірде қар жауып, жаңбырға ұласып, жолдар көктайғаққа айналады. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, 23-25 қаңтар аралығында еліміздің ірі қалаларында ауа райы тұрақсыз болып, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден ерекше сақтықты талап етеді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Астана: аяз сәл бәсеңдейді, бірақ қар мен боран сақталады

Елордада алдағы күндері нағыз қысқы ауа райы сақталады.

  • 23 қаңтарда құбылмалы бұлтты болады, түнде және күндіз қар жауады, жаяу бұрқасын байқалады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с-қа дейін жетеді. Түнде ауа температурасы -24…-26 градусқа дейін төмендеп, күндіз -19…-21 градус болады.
  • 24 қаңтарда қар жалғасып, таңертең және күндіз төменгі боран күтіледі. Жел бағыты оңтүстік-шығысқа ауысқанымен, екпіні сақталады. Түнде аяз -25…-27 градусқа дейін күшейіп, күндіз -15…-17 градус шамасында болады.
  • 25 қаңтарда елордада аяз біртіндеп әлсірей бастайды. Кей жерлерде қар жауып, төменгі боран болуы мүмкін. Түнде -16…-18 градус, күндіз -11…-13 градус күтіледі.

Алматы: қар, тұман және тайғақ жолдар

Алматыда алдағы күндері жауын-шашын мен күрделі жол жағдайы сақталады.

  • 23 қаңтарда бұлтты болып, мезгіл-мезгіл қар жауады, кей жерлерде тұман түседі. Жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Түнде ауа температурасы -8…-10 градус, күндіз -1…-3 градус болады.
  • 24 қаңтарда түнде қар жауып, тұман мен көктайғақ сақталады. Түнгі температура -12…-14 градусқа дейін төмендеп, күндіз -2…-4 градус болады.
  • 25 қаңтарда жауын-шашын тоқтайды, бірақ кей жерлерде тұман сақталады. Күндіз ауа температурасы 0…+2 градусқа дейін көтеріледі, бұл таңертең және кешке мұз қату қаупін арттырады.

Шымкент: қар жаңбырға ауысады, жел күшейеді

Елдің оңтүстігінде ауа райы аса құбылмалы болады.

  • 23 қаңтарда Шымкентте бұлтты ауа райы сақталып, қар жауады, түнде кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Төменгі боран, көктайғақ пен тұман болуы мүмкін. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде ауа температурасы -6…-8 градус, күндіз -3…-5 градус болады.
  • 24 қаңтарда күндіз жауын-шашын қар мен жаңбыр түрінде жауады. Түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ сақталады. Түнде -10…-12 градус, күндіз 0…+2 градус күтіледі.
  • 25 қаңтарда түнде қар жауып, күндіз жаңбыр аралас қарға ұласады. Жел екпінді болады, кей сәттерде 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнгі температура 0…-2 градус, күндіз +1…+3 градус болады.

Нені ескеру керек

Синоптиктер ауа райының қолайсыздығына байланысты сапарларды жоспарлау кезінде абай болуға кеңес береді. Боран, тұман және көктайғақ жол қозғалысын қиындатып, температураның күрт ауытқуы жол мен тротуарлардың жағдайына әсер етуі мүмкін.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -