Астана – Павлодар тасжолында түнгі уақытқа көлік қозғалысына шектеу енгізілді

715
Фотосурет: QazAvtoJol

Ақмола және Павлодар облыстарындағы автожолдарда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды DKNews.kz.

2026 жылғы 22 қаңтар сағат 23:00-де Ақмола облысында ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда дизель отынымен жүретін және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады:

Ақмола  облысы:

  • «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 16-200 шақырым аралығы (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін);

Павлодар облысы:

  • «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 200-254 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін);

Жолды 2026 жылғы 23 қаңтар сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -