Қорғас бағытына апаратын тасжол уақытша жабылды, деп хабарлайды DKNews.kz.
2026 жылғы 22 қаңтар сағат 23:30-да ауа райының нашарлауына байланысты келесі республикалық автожолдарда жүк көліктердің қозғалысына шектеу енгізілді:
Алматы облысы:
- «РФ шекарасы – Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы, Қордай асуының жаңа айналма жолы» автожолының 59-143 шақырым аралығы (Жаңақұрылыс ауылы – Жамбыл облысы шекарасы).
Жамбыл облысы:
- «РФ шекарасы – Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы, Қордай асуының жаңа айналма жолы» автожолының 143-214 шақырым аралығы (Алматы облысы шекарасы – Қордай ауылы).
Жолды 2026 жылғы 23 қаңтар сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.