Geely Қазақстанда: сандар, деректер және болашаққа арналған ауқымды жоспарлар

1133
Арман Қоржымбаев Бас редактор

Geely бренді Қазақстан нарығында жұмыс істеп келе жатқанына үш жыл толуын атап өтуде. Осы уақыт ішінде қытайлық автокөлік өндірушісі елімізде жаңа ойыншыдан нарықтағы тұрақты әрі сұранысқа ие брендтердің біріне айналды. Үш жыл - автонарық үшін қысқа мерзім болғанымен, Geely бұл кезеңде сатылымды бірнеше есеге арттырып, дилерлік желіні кеңейтіп, тұтынушылардың сеніміне ие бола алды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстандағы Geely-дің ресми дистрибьюторы - Orbis Auto автомобильдер тобына кіретін G Motors Kazakhstan компаниясы. Бренд ел нарығына 2022 жылдың қазан айында шыққан болатын.

Үш жылдағы нәтиже: 21 мыңнан астам автокөлік

Geely-дің Қазақстандағы дамуын нақты сандар айқын көрсетеді. Нарыққа шыққан сәттен бастап бүгінге дейін 21 516 автокөлік сатылған.

Сатылым динамикасы жыл сайын тұрақты өсімді көрсетіп отыр:

  • 2023 жылы - 3 643 автокөлік
  • 2024 жылы - 8 252 автокөлік (+126%)
  • 2025 жылы - 9 621 автокөлік (+16,6%)

Нәтижесінде, 2023 жылмен салыстырғанда сатылым көлемі екі еседен астам артты. Ал 2025 жылдың қорытындысы бойынша Geely Қазақстандағы ең танымал он автокөлік бренді қатарына еніп, барлық брендтер арасында 10-орынға көтерілді. Нарықтағы үлесі - 4,1% (ҚАО деректері).

Бес модель - ең сұранысқа ие сегменттерде

Қазіргі таңда Geely Қазақстан нарығында ең танымал сегменттерде ұсынылған бес модельмен жұмыс істейді. Олар:

  • Emgrand
  • Coolray
  • Atlas
  • Okavango
  • Monjaro

Модельдік қатардың кеңеюі сату арналары мен сервистік инфрақұрылымның дамуына серпін беріп, брендтің ел аумағындағы қолжетімділігін арттырды.

2025 жылы Geely бренді ішінде ең көп сатылған модельдер:

  • Emgrand - 3 398 автокөлік
  • Coolray - 3 259 автокөлік
  • Atlas - 1 597 автокөлік

Ал C-класс сегментіндегі Geely Emgrand седаны қатарынан екінші жыл сатылым көшбасшысы болып отыр.

17 қала, 23 дилерлік орталық

Geely Қазақстан бойынша белсенді түрде кеңейіп келеді. Бүгінде бренд 17 қалада ұсынылған, ал ел аумағында 23 дилерлік орталық жұмыс істейді.

2025 жылы дилерлік желі бірден төрт жаңа қалада кеңейді:

  • Петропавл
  • Көкшетау
  • Шымкент
  • Орал

Компания үшін басты басымдықтардың бірі - сервистік қызметтің қолжетімділігін арттыру және клиенттерге көрсетілетін қызмет сапасын бірдей деңгейде ұсыну.

7 жылдық кепілдік және ұзақ мерзімді сенім

Geely автокөлік иелері үшін ұзақ мерзімді пайдалануға бағытталған бірқатар бағдарламалар қарастырылған. Олардың қатарында:

  • 7 жылдық кепілдік
  • trade-in бағдарламалары
  • автокөлікті сатып алу мен қызмет көрсетуді жеңілдететін қаржылық шешімдер бар

G Motors Kazakhstan директоры Регина Амерханованың айтуынша, бренд үшін клиентпен ұзақ мерзімді қарым-қатынас құру басты құндылықтардың бірі.

«Қазақстан нарығындағы үш жыл Geely үшін тұрақты даму кезеңі және тұтынушылар сенімінің айқын дәлелі болды. Бүгінде Geely - бұл тек танымал модельдер мен өсіп жатқан сатылым ғана емес, сонымен қатар дамыған дилерлік желі, жоғары деңгейдегі сервис және клиенттер алдындағы ұзақ мерзімді міндеттемелер. Біз нарықтың әлеуетін жоғары бағалаймыз және брендтің елдегі танымалдылығын арттыруға, заманауи технологияларды енгізуге әрі клиенттік тәжірибені жақсартуға инвестиция салуды жалғастырамыз», - деді ол.

Келесі қадам - жергілікті өндіріс

Geely-дің Қазақстандағы дамуының келесі кезеңі 2027 жылға жоспарланған жергілікті өндірісті іске қосудан басталмақ. Бұл жоба компания стратегиясындағы негізгі бағыттардың бірі ретінде қарастырылып отыр.

Өндірісті локализациялау логистикалық тізбектерді оңтайландырып, автокөліктерді сатып алу шарттарын тұтынушылар үшін анағұрлым икемді әрі тартымды етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл шешім Geely-дің Қазақстан нарығына ұзақ мерзімді көзқарасын және заманауи технологияларды барынша қолжетімді етуге деген ұмтылысын көрсетеді.

Үш жылдық мерейтойға арналған сыйлықтар

Үш жылдық мерейтой аясында Geely Қазақстанда клиенттерге арналған арнайы акция ұйымдастырды. Акция барысында Geely Coolray автокөлігі мен бағалы сыйлықтар ойнатылды.

Бас жүлде 2025 жылғы 1 қараша мен 31 желтоқсан аралығында ресми дилерлік орталықтардан Geely автокөлігін сатып алған клиенттер арасында ойнатылды. Ал қосымша сыйлықтар 3-31 желтоқсан аралығында өткен тест-драйвтарға қатысушыларға бұйырды. Жүлделер қатарында iPhone, Apple Watch және Хайнань аралына (Санья, ҚХР) саяхат болды.

2026 жылғы 16 қаңтарда өткен ұтыс ойынының қорытындысы бойынша бас жүлде Қарағанды қаласының тұрғыны, Geely Emgrand иесі Гибадуллин Дамир Рустемұлына табысталды.

Үш жыл ішінде Geely Қазақстанда сатылымы өсіп келе жатқан, сервистік желісі дамыған және нақты болашақ жоспары бар брендке айналды. Ал жергілікті өндірісті іске қосу жоспары бұл тарихтың алдағы жылдары да жалғасатынын аңғартады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -