Әлемдік жұлдыздардың концерттері мен турпакеттер: Қазақстанда Solana City жобасы іске қосылады

968
Фотосурет: @qaztourism

Еvent-туризм саласында жаңа жеке жоба жүзеге асады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Event-туризм тұрақты түрде дамып, бизнестің ауқымды жобаларды жүзеге асыруға  қызығушылығын арттырып келеді. Астанада Solana City жобасын іске қосу жоспарлануда.

Биыл мамыр айында ұйымдастырушылар Астана және Алматы қалаларында әлемдік жұлдыздардың қатысуымен ірі концерттік іс-шаралар өткізеді. Сахнада Flo Rida, Nicole Scherzinger, Tugay, Busta Rhymes, Timbaland, Keri Hilson және есімі кейін  жарияланатын арнайы қонақ өнер көрсетеді.

«Kazakh Tourism туроператорлардың қатысуымен пакеттелген туристік ұсыныстарды әзірлеу үшін штаб құрады. Бұл Қазақстан өңірлерінен және шетелдік қонақтарға концертті  экскурсиялармен және туристік локациялармен танысумен ұштастыруға мүмкіндік береді. Мұндай тәжірибе өз тиімділігін дәлелдеп, өткен жылы сәтті түрде қолданылды», — деп атап өтті "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Даниел Сержанұлы.

Әр қалада көрермендердің жалпы саны шамамен 30 мың адам болады деп күтілуде. Үндістан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай және РФ тұрғындары бұл концерттерге билеттер сатып алып үлгерді.

«Solana City жобасы бір аумақта халықаралық деңгейдегі іс-шараларды біріктіреді. Фестивальдер мен концерттерден тыс уақытта туристік қала ел тұрғындары мен қонақтары үшін жыл бойы қызмет етеді. Жоба аясында этноауылдар, кемпингтер, глэмпингтер, гастрономиялық кеңістіктер, қолөнер аймақтары және арт-инсталляцияларды орнату жоспарлануда. Жобаны аясында 1000-ға дейін жаңа жұмыс орны құрылады», — деп атап өтті «Solana» компаниясының басшысы Жанар Байғозина.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -