Қауіпсіздік жөніндегі диалог: Қазақстан мен Моңғолия әріптестікті кеңейтуде

825
Фотосурет: Gov

Астанада Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов Моңғолия Премьер-Министрінің орынбасары Хассуурийн Ганхуяг мырзамен кездесу өткізді. Кездесу қауіпсіздікті қамтамасыз ету және төтенше жағдайларға төзімділікті арттыру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мен серіктестік қатынастарын дамыту аясында өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

  Келіссөздердің негізгі мақсаты моңғол тарапын Қазақстанның төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы тәжірибесімен таныстыру болды. Диалог барысында тараптар төтенше жағдайларға ден қоюға дайындық деңгейін арттыру саласындағы өзара іс-қимылдың перспективаларын талқылады.

  Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сындарлы әрі өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын екендігін білдірді. Моңғол тарапы серіктестікті дамытуға мүдделілігін растап, қазақстандық делегацияны Моңғолияға шақырды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -