Алматы тауларында турист әйел басынан жарақат алды

1320
Фотосурет: Gov

Құтқарушылар Алматы тауларындағы туристерге көмекке келді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бүгін Алматы қаласы Бостандық ауданы, Көкжайлау ауданында ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары таңертең тауға шығып, өздігінен түсе алмаған бес турист тобына көмек көрсетті.

Түсу барысында туристің біреуі құлап, басынан жарақат алды. Құтқарушылар топты таудан түсіріп, зардап шеккендерді Апаттар медицинасы орталығының автокөлігіне алып барды.

АМО дәрігерлері зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны одан әрі тексеру және емдеу үшін медициналық мекемеге жеткізді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -