Елордада жеке тұрғын үйде өрт шықты: екі газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Бүгін елордалық 112 пультіне Сарыарқа ауданындағы С. Қожахметов көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер екі пәтерлі тұрғын үйдің шатырынан өрт шыққанын анықтады. Өртті сөндіру барысында құтқарушылар жанып жатқан үйден екі газ баллонын қауіпсіз жерге шығарып, жарылыстың алдын алды.
Өрт 250 ш.м. алаңда толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.