Жасқа тәуелсіз өнер: Астана зейнеткерлері қысқы көрмені ұсынды

781
Фотосурет: Gov

Астананың Алматы ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Қысқы шабыт» атты арт-терапия үйірмесінің қысқы көрмесі ашылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Экспозицияда үйірме қатысушыларының қыс мезгіліне арналған көркем және қолданбалы өнер туындылары ұсынылған. Онда қыстық табиғат көріністері, мерекелік атмосфера, жеке естеліктер мен осы кезеңге байланысты ішкі сезімдер көркем түрде бейнеленген, деп хабарлайды DKNews.kz.

Экспозицияға арт-студия үйірмесінің тұрақты қатысушыларымен қатар, жаңадан қосылған зейнеткерлер де қатысты.

Көрмеде шамамен 40 қатысушының жұмысы ұсынылып, әр автордың жеке шығармашылық көзқарасы мен стилі көрініс тапты.

«Қысқы шабыт» көрмесі көктемгі көрме ашылғанға дейін жалғасып, студияның маусымдық көрмелер өткізу дәстүрін жалғастырады. Жоба қатысушылардың шығармашылық дамуына ықпал етіп, көрермендерге эстетикалық әсер мен жағымды көңіл-күй сыйлайды.

«Бұл көрме қыстың тыныштығы мен жарығын, өзіндік көңіл-күйі мен рухани әсерін жеткізетін шығармашылық кеңістік ретінде ұйымдастырылды.

Сурет өнерін сүйіп тамашалайтын қала тұрғындарын әжелеріміздің шығармаларымен танысуға шақырамыз. «Қысқы шаттық» көрмесі Қошқарбаев даңғылы, 29/1 мекенжайында қыс айларының соңына дейін жалғасатын болады», – деп ой бөлісті көрме ұйымдастырушы Айгүл Еркінқызы.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -