ТЖМ құтқарушыларының жедел әрекеттері науқастарды ауруханаға жеткізуге мүмкіндік берді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты ТЖД күштерімен авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді.
Жоғары өтімді техникамен ТЖД қызметкерлері жедел медициналық жәрдем көлігін Шеңбертал ауылынан Ырғыз ауылына дейін алып жүруді ұйымдастырды. Көлікте шұғыл түрде ауруханаға жатқызуды қажет еткен 1987 жылы туған ер адам мен 2003 жылы туған әйел болған.
Қозғалыс барысында қар басуға бейім жол учаскесінде жедел жәрдем көлігі екі рет қарға батып қалды. Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында көлік уақытылы босатылып, қозғалыс әрі қарай жалғастырылды.
Нәтижесінде медицина қызметкерлері мен науқастар Ырғыз ауылына аман-есен жеткізіліп, одан әрі медициналық көмек көрсетілді.