РГП «Қазгидромет» синоптиктері 28 қаңтарда Қазақстан аумағында ауа райының күрт нашарлайтынын ескертті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Қазақстанның солтүстігі мен батысында тұман, төменгі боран және кей жерлерде көктайғақ күтіледі. Сондай-ақ желдің күшеюі болжанады.
Еліміздің орталық өңірлерінде синоптиктер тұман, төменгі боран және жекелеген аумақтарда көктайғақ болатынын ескертеді.
Республиканың оңтүстігінде қар мен жаңбыр түріндегі қатты жауын-шашын, сондай-ақ екпіні 20 м/с-қа дейін жететін оңтүстік-батыс желі күтіледі.
Қазақстанның шығысында қар жауып, боран соғады, кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
Алматы қ.: түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.
Шымкент қ.: жауын-шашын, таңертең және күндіз кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей уақыттарда жаяу бұрқасын, көктайғақ тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Түнде Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында 25-27 градус өте қатты аяз күтіледі.
Түркістан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының батысында, орталығында жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Көктайғақ. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Қарағанды облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Түнде Шығыс Қазақстан облысында қар, бұрқасын күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, түнде Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.
Жамбыл облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, түнде облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.