Электронды кітапханалар және авторлық құқық: елордада не талқыланды

902
Фотосурет: freepik.com / Жасанды интеллектпен жасалған

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында электронды кітапханаларды қалыптастыру кезінде авторлық құқықты сақтау мәселесіне арналған отырыс өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жиынға Мәдениет және ақпарат, Әділет министрліктерінің өкілдері, кітапхана саласының мамандары және зияткерлік меншік саласындағы сарапшылар қатысты.

Жиын барысында электронды контентті пайдалану талаптарына қатысты заңнама нормалары, сондай-ақ авторлық құқық саласындағы құқықтық реттеуді жетілдіру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар авторлық құқыққа енгізілген өзгерістер мен цифрлық ресурстарды кітапхана қызметінде заңды қолдану тәжірибелері жөнінде түсіндірмелер берілді.

Жиында Марракеш шартының маңызына және баспа өнімдерін көру қабілеті бұзылған азаматтар мен баспа өнімдеріндегі ақпаратты қабылдау мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімді ету мәселесіне айрықша назар аударылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -