Қазақстандағы парламенттік реформаны талқылауға жастар тартылуда

748
Фотосурет: DKNews.kz / AI-generated

К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы JastarX диалог алаңында отырыс ұйымдастырды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жиында саясат, құқық жəне қоғамдық даму саласындағы сарапшылар сөз сөйледі. Олар парламенттік реформа және жастардың мемлекеттік процестерге қатысуы туралы мәселелерді талқылады.

Айта кетейік, 2023 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы қоғам мен жастарды толғандыратын өзекті және маңызды мәселелер бойынша еркін әрі ашық диалог форматындағы жаңа JastarX сараптамалық алаңын іске қосты.

Сараптамалық алаңның мақсаты – мемлекеттік органдар, сарапшылар қауымдастығы және жастар арасындағы байланысты нығайтып, жастардың пікірін ескере отырып, өзекті әлеуметтік мәселелер бойынша тиімді шешімдер қабылдауға ықпал ету, сондай-ақ азаматтық белсенділік пен жастардың қоғамдық өмірге белсене қатысуын арттыру.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -