8-ақпанда «Астана Балет» театрында Симфониялық оркестрдің концерті өтеді. «From the Fjords to the New World» – Норвегияның Солтүстік романтикасынан Жаңа Әлемнің симфониялық қуатына дейінгі музыкалық саяхат, деп хабарлайды DKNews.kz.
Бір бағдарламада XIX ғасырдың екі көрнекті композиторы – Эдвард Григ пен Антонин Дворжактың шығармалары түйіседі. Олардың музыкасы сезімнің тереңдігімен, жарқын әуенімен және көркемдік ойлау ауқымымен өзара сабақтас әртүрлі мәдени әлем мен ұлттық дәстүрді сипаттайды. Сахнада бас дирижер Арман Оразғалиевтің жетекшілігімен «Астана Балет» театрының симфониялық оркестрі өнер көрсетеді.
Концерттің бірінші бөлімі Норвегиялық музыка мәдениеті мен солтүстік поэтиканың символына айналған композитор Эдвард Григтің шығармашылығына арналған. Генрик Ибсеннің «Пер Гюнт» драмасына жазылған, жарқын бейнелер мен қарама-қайшы көңіл-күйге толы музыканың үзінділері орындалады:
«Таң», «Анитраның биі», «Тау патшасының үңгірінде».
Сондай-ақ, бірінші бөлімде Эдвард Григтің Оркестр мен фортепианоға арналған ля минор концерті орындалады. Бұл - романтикалық ауқымы, мінсіздігі және ішкі сезімді ақтарар лирикасы үйлесім тапқан, дүниежүзілік фортепиано туындыларының ең танымал шығармаларының бірі.

Солирующую партию исполнит Народная артистка Республики Казахстан, лауреат государственных премий, выдающийся пианист — Жания Аубакирова.
Во втором отделении будет исполнено одно из величайших симфонических произведений мировой музыки — Симфония № 9 «Из Нового Света» Антонина Дворжака.
Екінші бөлімде әлемдік музыканың ғаламат симфониялық шығармаларының бірі – Антонин Дворжактың «Жаңа Әлемнен» № 9 симфониясы орындалады.
Симфония 1893 жылы, композитордың АҚШ сапары кезінде жазылып, Еуропа мен Америка арасындағы музыкалық көпір іспетті болған еді. Бұл шығармада еуропалық симфониялық дәстүр америкалық фольклордың әуезімен біріктіріліп, Жаңа Әлемнің кеңістікке, қозғалысқа және ішкі қуатқа толы жарқын әрі танымал музыкалық бейнесі сипатталған.
Симфония төрт бөлімнен тұрады – бас жағындағы салтанатты әрі шиеленісті тараудан бастап, шығарманың бүкіл тақырыптары қайталанатын қуатты, драмалық финалға дейін. Ішкі сезім иірімдеріне толы, әуезі ерекше екінші бөлімі – Largo, әсіресе танымал.
«Жаңа Әлемнен» – музыкалық саяхат қана емес, сонымен қатар, Отанынан жырақта қалған адам туралы, жаңа әлеммен кездесу және өз тамырымен ажырамас байланыс туралы терең музыкалық шығарма.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтеді.