Таныс болыңыз: Қазақстанда жасалған жаңа Chery C8 қандай әсер қалдырды?

1199
Арман Қоржымбаев Бас редактор
Фотосурет: Chery C8 арналған тест-драйв қатысушылары/Astana Motors

Қазақстандық автонарық қарқынды дамып келеді. Astana Motors құрамына кіретін Chery Kazakhstan командасы Алматыдағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытында шығарылған жаңа Chery C8 кроссоверіне арналған көшпелі тест-драйв ұйымдастырды. Сапарға DKNews.kz командасы да қосылып, жаңа модельді нақты жол жағдайында өз көзімен бағалады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Chery Kazakhstan (@chery.kazakhstan)

Іс-шара форматы әдейі осындай форматта таңдалды – Алматы облысындағы киелі орындардың бірі әрі UNESCO-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Таңбалы Тас шатқалына ұзақ сапар жасалды.

Маршрут автоэксперттерді, блогерлерді, БАҚ өкілдерін және автокөлік әуесқойларын біріктірді. Қатысушылар үшін бұл жай ғана қысқа сынақ емес, ұзақтығы 380 шақырымды құрайтын, көлікпен бірге толыққанды сапар болды.

380 шақырым – бір көлік, бір әсер

Тест-драйвқа қатысушылар жолға бір нүктеден шығып, жалпы ұзындығы 380 шақырымды еңсерді. Барлық маршрут бойы жүргізушілер Chery C8 рөлінде отырып, көліктің трассадағы жүрісін, басқарылуын, жайлылығын және ұзақ сапардағы мінезін сезінді.

Chery Kazakhstan өкілдерінің айтуынша, дәл осындай формат көліктің шынайы мүмкіндігін ашуға мүмкіндік береді. Таңбалы Тас – ұзақ жолды, төзімділікті және ішкі қуатты бейнелейтін мекен. Бренд жаңа Chery C8 моделінің сипатын да осы қасиеттермен салыстырады.

Алматыдағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауыты. Фото: Astana Motors

Қазақстанда өндірілген кроссовер

Chery C8 Алматыдағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытында шығарылады. Кәсіпорын заманауи жабдықтармен қамтылған және еліміздің автокөлік өнеркәсібіндегі негізгі өндірістік алаңдардың бірі саналады. Бұл – отандық өндірістің сапасы мен технологиялық деңгейін көрсететін тағы бір жоба.

Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытындағы өндіріс. Фото: Astana Motors

Қалаға да, сапарға да ыңғайлы

Chery C8 – қала ішінде күнделікті қолдануға да, қала сыртындағы сапарларға да бейімделген кең әрі заманауи кроссовер. Модель практикалық әрі қолжетімді көлік іздейтін сатып алушыларға бағытталған. Қазақстан нарығындағы бағасы 9 490 000 теңге.

Автокөлік 1.5T турбо қозғалтқышымен және 6 сатылы 6DCT роботты беріліс қорабымен жабдықталған. Биік клиренс, кең салон және сыйымды жүк салғыш Chery C8-ді отбасы үшін де, белсенді өмір салтын ұстанатындар үшін де қолайлы етеді.

«Бүгінгі таңда кроссовер нарығы қарқынды дамып келеді. Ал сатып алушылар жайлы, ыңғайлы, заманауи жабдықталған және қолжетімді бағадағы көліктерді көбірек іздейді. Chery C8 дәл осы талаптарды ескере отырып жасалды. Таңбалы Тасқа дейінгі сапар қатысушыларға автокөлікті бағалап, оның мінезін жолда сезінуге мүмкіндік берді», – деді Chery Kazakhstan директордың орынбасары Ермек Жексембаев.

Базалық жинақтама – жоғары деңгей

Chery C8-дің базалық нұсқасының өзі бай жабдықталуымен ерекшеленеді. Көлікте:

  • AutoHold функциясы бар EPB электронды тұрақ тежегіші
  • электрлі руль күшейткіші
  • алдыңғы орындықтарды жылыту жүйесі
  • кілтсіз кіру
  • үлкен сенсорлы экраны бар мультимедиялық жүйе
  • жасанды былғарымен қапталған салон

Сыртқы бейнесін 18 дюймдік қорытпалы дискілер мен ұстамды, әмбебап дизайн толықтырады.

Жолдағы әсер – блогер пікірі

Тест-драйвқа қатысқан блогер Анзор Гасаев көліктің мінезін ұзақ сапарда бағалағанын айтады:

«Мен бүкіл жолды жүріп өттім. Осындай формат көлікті шынымен жақсырақ көрсетеді. Chery C8 өте жағымды әсер қалдырды: интерьері ыңғайлы, эргономикасы түсінікті, трассада тыныш әрі сенімді. Жолда шаршатпайды, сонымен бірге қалада жүруге де қолайлы. Баға мен сапаның тамаша арақатынасы – 9,5 млн теңгеге күнделікті өмірге арналған заманауи кроссовер аласыз».

Блогер Анзор Гасаев. Фото: Astana Motors

Авто мен мәдениет тоғысқан күн

Тест-драйв тек көлікпен шектелмеді. Қатысушыларға Таңбалы Тас мұражай-қорығында экскурсия ұйымдастырылып, садақ ату және былғарыдан бұйым тоқу бойынша шеберлік сабақтары өтті. Осылайша сапар автокөлік пен мәдени-танымдық тәжірибені ұштастырды.

Chery Қазақстанда: сенім мен өсім

Бүгінде Chery қазақстандық автонарықта көшбасшы брендтердің бірі саналады. Компания Қазақстанда ресми жұмыс істеп келе жатқанына 5 жыл толуын атап өтуде. 2021 жылдың желтоқсанынан бері елде 46 мыңнан астам автокөлік сатылды, ал дилерлік желі 26-дан астам автоорталықты қамтиды.

Chery сатудан кейінгі қызмет көрсетуге де ерекше мән береді. Халықаралық сервистік желінің дамуы Chery C8 иелеріне қай елде болса да бірдей стандарттағы қызмет пен қолдауға кепілдік береді.

Қазақстанда жасалған Chery C8 – бұл тек жаңа модель емес, отандық автонарықтың жаңа деңгейге көтерілгенінің айқын белгісі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -