Қазақстанның барлық өңірінен 9–10 сынып оқушылары қатысатын ауқымды республикалық JUZ40 олимпиадасы өтеді. Білім сайысына шамамен 15 мың оқушы қатысады деп жоспарланып отыр. Олимпиадаға қатысу тегін, ал бас жүлде — 1 миллион теңге, деп хабарлайды DKNews.kz.
Олимпиаданы JUZ40 білім беру орталығы ұйымдастырып отыр. Негізгі мақсат — оқушылардың білім деңгейін арттыру, академиялық әлеуетін анықтау және Ұлттық бірыңғай тестілеуге ерте әрі сапалы дайындалуына жағдай жасау.
Қандай форматта өтеді
Олимпиада екі кезеңнен тұрады:
- іріктеу кезеңі — 9–21 ақпан, онлайн форматта
- финал — 23–28 наурыз, Алматы қаласында
Сайысқа Қазақстанның барлық облыстары мен республикалық маңызы бар қалаларынан оқушылар қатыса алады. Олимпиада толықтай қазақ тілінде өткізіледі.
Тіркелу https://juz40.kz/olympiad?utm_source=mektep сайтында ашық.
Нені тексереді
Іріктеу кезеңінде қатысушылар 120 минут ішінде бірнеше бағыт бойынша тест тапсырмаларын орындайды. Атап айтқанда:
- математикалық сауаттылық
- оқу сауаттылығы
- Қазақстан тарихы
- екі бейіндік пән
Іріктеу нәтижесі бойынша 100 үздік оқушы финалға жолдама алады.
ҰБТ-ға ерте дайындық
Ұйымдастырушылардың айтуынша, олимпиада тек жарыс емес, оқушының алдағы академиялық бағытын айқындауға көмектесетін маңызды қадам.
Жұлдызай Мусаева, JUZ40 EdTech компаниясының негізін қалаушы / JUZ40 баспасөз қызметі
«Біздің мақсатымыз — тек білім деңгейін тексеру емес, оқушыларға өз әлеуетін ерте тануға мүмкіндік беру. Жеті жыл ішінде 146 мыңнан астам оқушымен жұмыс істей отырып, ҰБТ-ға дайындықтың мектеп қабырғасында қаншалықты маңызды екенін көрдік. JUZ40 олимпиадасы — бұл жай ғана сынақ емес, оқушының академиялық жолын жоспарлаудың алғашқы қадамы», — деді JUZ40 EdTech компаниясының басшысы Жұлдызай Мусаева.
Финал бағдарламасы
Алматыда өтетін финал аясында бірқатар іс-шара жоспарланған. Олардың қатарында:
- ашылу салтанаты
- қорытынды тестілеу
- марапаттау рәсімі
- жоғары оқу орындарын аралау бағдарламасы
Финалға қатысушылардың барлық шығынын білім беру орталығы толықтай өз мойнына алады.
Жүлде қоры қандай
Олимпиаданың жалпы жүлде қоры 2 миллион теңгеден асады:
- 1-орын — 1 000 000 теңге
- 2-орын — 700 000 теңге
- 3-орын — 500 000 теңге
Сонымен қатар, жеңімпаздарға және пәндік комбинациялар бойынша ең жоғары нәтиже көрсеткен қатысушыларға JUZ40 білім беру орталығында 100% тегін оқу мүмкіндігі беріледі.
Финалистер үшін оқу ақысына келесі көлемде жеңілдіктер қарастырылған:
- 50%
- 30%
- 20%
Кімдерге арналған
Олимпиада 9–10 сынып оқушыларына арналған және өз білімін сынап қана қоймай, болашақ оқу бағытын ерте анықтағысы келетін оқушыларға бағытталған.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл форматтағы олимпиада оқушылардың өз мүмкіндігін бағалап, саналы таңдау жасауына көмектеседі.