Олимпиада-2026: басты үміттер және қазақстандықтарға қашан жанкүйер боламыз

1573
Анастасия Ким Редактор
Фотосурет: Кортина-д’Ампеццо, Италия (Фото Michael Kappeler / picture alliance via Getty Images)

6 ақпанда Италияда өтетін 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары ресми түрде басталады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Милан мен Кортина-д’Ампеццо төрінде төрт жылда бір келетін басты қысқы додада Қазақстан намысын 10 спорт түрінен 36 спортшы қорғайды.

Олимпиаданың ашылу салтанаты 6 ақпан күні сағат 00:00-де (Астана уақытымен) өтсе, отандастарымыздың алғашқы жарыстары 7 ақпанда басталады. Барлық басты бәсекелерді Qazsport, Qazaqstan, Jibek Joly және «Хабар» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Төменде — Қазақстан спортшылары қатысатын жарыстардың күні-күнімен жасалған толық кестесі, сонымен қатар қай спорт түрінен не күтуге болатыны туралы қысқаша түсіндірмелер.

Ашылу салтанаты

6 ақпан | 00:00
Милан–Кортина Олимпиадасы ресми түрде басталады. Қазақстан құрамасы дәстүрлі түрде туды алып шығады.

7–9 ақпан: алғашқы старттар және «барлаушы» жарыстар

7 ақпан

  • Шаңғы жарысы, скиатлон (әйелдер) — 17:00
    Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Дарья Ряжко

  • Конькимен жүгіру, 3000 м (әйелдер) — 20:00
    Надежда Морозова, Елизавета Голубева

Бұл күндері медальдан гөрі спортшылардың формасы мен дайындық деңгейі байқалады.

8 ақпан

  • Скиатлон (ерлер) — 17:00

  • Биатлон, аралас эстафета — 20:00

9 ақпан

  • Конькимен жүгіру, 1000 м (әйелдер) — 21:30

  • Шаңғымен тұғырдан секіру (ерлер) — 23:00

10–14 ақпан: Қазақстан үшін ең тығыз әрі маңызды кезең

Бұл аралықта Қазақстан құрамасының көптеген көшбасшылары жарысқа шығады.

10 ақпан — суперкүн

  • Шаңғы жарысы, спринт (ерлер/әйелдер) — 13:15

  • Шорт-трек (іріктеу кезеңдері) — 14:30

  • Фристайл-могул (ерлер, іріктеу) — 15:15

  • Биатлон, жекелей жарыс (ерлер) — 17:30

  • Фристайл-могул (әйелдер, іріктеу) — 18:15

  • Мәнерлеп сырғанау, қысқа бағдарлама (ерлер) — 22:30
    Михаил Шайдоров

Могул — Қазақстан үшін ең үмітті спорт түрлерінің бірі. Юлия Галышева бастаған команда финалға өтуге міндетті.

11–12 ақпан

  • Фристайл-могул (әйелдер мен ерлер, финалдар)

  • Биатлон (әйелдер)

  • Тау шаңғысы, супергигант

13–14 ақпан

  • Шорт-трек финалдары

  • Шаңғы жарысы (эстафета, әйелдер)

  • Биатлон, спринт

  • Конькимен жүгіру, 500 м (ерлер)

15–18 ақпан: финалдар, командалық жарыстар

Бұл кезеңде:

  • Фристайл-могул, параллельді жарыстар

  • Биатлон із кесу жарыстары

  • Конькимен жүгіру командалық сайыстары

  • Мәнерлеп сырғанау (әйелдер)Софья Самоделкина

Командалық жарыстарда нәтиже тек шеберлікке емес, тактика мен үйлесімге де байланысты.

19–22 ақпан: соңғы медальдар және жабылу

19–21 ақпан

  • Шорт-трек финалдары

  • Фристайл-акробатика (жеке және аралас командалар)

  • Биатлон, масс-старт

  • Шаңғы жарысы, масс-старт

22 ақпан

  • Шаңғы жарысы, масс-старт (әйелдер) — 14:00

  • Жабылу салтанаты — 00:00

Милан–Кортина Олимпиадасы Қазақстан үшін:

  • могул мен фристайлда — медальға нақты мүмкіндік,

  • биатлон мен шорт-тректе — сенсация жасау шанс,

  • жас спортшылар үшін — үлкен тәжірибе алаңы болмақ.

Алдағы екі аптада қазақстандық жанкүйерлерді ұйқысыз түндер, эмоцияға толы старттар және үміт пен сенімге толы сәттер күтіп тұр.

Енді тек бір-ақ нәрсе қалды — спортшыларымызға жанкүйер болу. 

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -