7 ақпанда Милан–Кортина Қысқы Олимпиада ойындары ресми түрде басталады Алғашқы жарыс күнінде Қазақстаннан алты спортшы олимпиадалық трассалар мен ареналарға шығып, екі спорт түрінен бақ сынайды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Ұлттық құрама үшін бұл Ойындардағы алғашқы маңызды сынақ болмақ, өйткені старттық күн турнирдің жалпы ырғағы мен спортшылардың психологиялық көңіл күйін айқындайды.