Ақмола облысында қысқы спорт рухын көтеруге бағытталған ауқымды спорттық іс-шара өтті. Өңір тұрғындары XXV қысқы Олимпиада ойындарына қатысып жатқан спортшыларды қолдау үшін жаппай шаңғы жарысына шықты, деп хабарлайды DKNews.kz.
Қысқы Олимпиада ойындары 6–22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтуде.

Қай өңірлерде өтті
Олимпиадашыларды қолдау мақсатында 7 ақпанда шаңғы жарысы бір мезетте бірнеше ауданда ұйымдастырылды:
- Бурабай
- Зеренді
- Сандықтау
- Ерейментау
- Бұланды
- Қорғалжын
- Жарқайың
- Біржан сал аудандары
Сондай-ақ Көкшетау, Степногорск және Ақкөл қалаларында өтті.
Жарысқа 900-ден астам адам қатысты. Оның ішінде спорт мектептерінің тәрбиеленушілері, әуесқой шаңғышылар және спорт ардагерлері болды.
Облыс әкімінің орынбасары Досулан Айтбаев қатысушыларды құттықтады.

Неліктен бұл маңызды
Қатысушылардың айтуынша, жарыс тек спорттық шара емес, Олимпиадада Қазақстан атынан өнер көрсетіп жатқан спортшыларға қолдау білдірудің символына айналды.
Бұл бастама өңір тұрғындарының бірлігі мен спортшыларға деген құрметін көрсетті.

Олимпиадада Ақмола облысынан кімдер өнер көрсетеді
Биыл қысқы Олимпиадада өңір намысын алты спортшы қорғайды.
Шорт-трек:
- Денис Никиша
- Яна Хан
- Ольга Тихонова
Шаңғы жарысы:
- Ксения Шалыгина
- Надежда Степашкина
- Анна Мельник
Алғашқы жарыстар басталады
Бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 17:00-де ақмолалық спортшылар қатысатын алғашқы жарыс өтеді.
Скиатлон дисциплинасында Ксения Шалыгина мен Надежда Степашкина стартқа шығады.

Мамандардың айтуынша, мұндай қолдау акциялары жастардың спортқа қызығушылығын арттыруға да оң әсер етеді.