Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге құттықтау жеделхатын жолдады. Президент Қытай көшбасшысын Қытай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл – Чуньцзе мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Қазақстан мен Қытай қатынастарының дамуы атап өтілді
Жеделхатта екі ел арасындағы мызғымас достық пен тиімді ықпалдастыққа негізделген сан қырлы қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқаны айтылған.
– Мызғымас достық пен тиімді ықпалдастыққа негізделген сан қырлы қарым-қатынасымыздың тың қарқынмен дамып келе жатқаны қуантады. Осы игі іске Сіздің қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймын. Қазіргідей құбылмалы кезеңде өзара қолдау көрсетіп, халықаралық деңгейде үйлесімді әрекет ете отырып, ортақ мүдделерімізді қорғаудың, елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңызы зор. Бұл бағыттағы Сіздің берік ұстанымыңызды толық құптаймын, – деп жазылған жеделхатта.
Қытай халқына игі тілектер жолданды
Президент Си Цзиньпиннің жаһандық бастамаларына сәттілік тілеп, Қытай халқына бақ-береке мен өркендеу тіледі.