2026 жылғы 6–15 наурыз аралығында Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XIV қысқы Паралимпия ойындары өтеді. Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын әлемдік додаға 600-ден астам спортшы қатысады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Қандай спорт түрлері қамтылған
Биылғы ойындарда 79 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Бағдарламаға пара сноуборд, пара хоккей, тау шаңғысы, арбадағы керлинг, пара биатлон және пара шаңғы жарысы енгізілген.
Қазақстан құрамасының құрамы
Қазақстан ұлттық құрамасы пара шаңғы мен пара биатлон бойынша сынға түседі. Команда құрамына Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Сергей Усольцев, Юрий Березин, Анна Грачёва, Нұрлан Әлімұлы және Денис Кобаль енді.
Спортшылар дайындық үстінде
Қазіргі уақытта ұлттық құрама спортшылары Швейцарияның Санкт-Мориц қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.
XIV қысқы Паралимпия ойындарының ашылу салтанаты 6 наурыз күні Веронадағы Олимпиадалық аренада өтеді.