Меритократия қағидаты мемлекеттік қызметті кәсібилендірудің іргелі тетігі болып табылады. Осы принциптің жүйелі іске асырылуы нәтижесінде өңірде мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық өсуінің оң динамикасы байқалады. Мұндай ілгерілеу тек қызметкерлердің айрықша жетістіктеріне, сондай-ақ олардың жоғары кәсіби және тұлғалық құзыреттіліктеріне негізделген, деп хабарлайды DKNews.kz.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жүргізген 2025 жылдың мониторинг қорытындысы өңірдегі жергілікті атқарушы органдарда меритократия қағидатының жүйелі түрде сақталатынын растайды.
Атап айтқанда, 2025 жылы жоғары тұрған лауазымдарға 179 қызметші тағайындалды, оның ішінде ішкі конкурстардың нәтижелері бойынша - 117, ауыстыру тәртібімен - 56, қызметті бағалау нәтижелері бойынша - 6. 2024 жылы бұл көрсеткіш 163, ал 2023 жылы – 130 құрады.
|
Көрсеткіштер / Жылдар |
2023 жыл |
2024 жыл |
2025 жыл |
|
Ішкі конкурс нәтижесі бойынша |
83 |
91 |
117 |
|
Ауысу тәртібімен |
47 |
64 |
56 |
|
Қызметті бағалау нәтижесі бойынша |
- |
8 |
6 |
|
Барлығы |
130 |
163 |
179 |
Бұл көрсеткіштердің артуы өңірдегі «мансаптық модельдің» жүйелі жұмыс істейтінін айғақтайды. Бұл үрдіс мемлекеттік қызметтің танымалдығын арттырып қана қоймай, жергілікті атқарушы органдардағы басқарушы буынның сапалық құрамын жақсартуға мүмкіндік береді.
Өңірдегі мемлекеттік қызмет жүйесінде кадрлардың мансаптық ілгерілеуін қамтамасыз етумен қатар, гендерлік саясатты іске асыру мәселесіне басымдық беріледі. 2025 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілердің жалпы санының 1890 немесе 65,3% әйелдер құрап отыр.
Жалпы алғанда, облыстың мемлекеттік қызметінің басшылық лауазымдарында 441 әйел жұмыс істейді. Бұл көрсеткіш жалпы басшы құрамның 44,2% құрайды.
Басшылық лауазымдардағы әйелдердің құрамы келесі көрсеткіштерден тұрады:
|
Лауазым атауы |
Саны |
Пайыздық үлесі (%) |
|
облыс әкімінің орынбасарлары |
1 |
0,23% |
|
аудан (қала) әкімдері |
1 |
0,23% |
|
аудан (қала) әкімдерінің орынбасарлары |
9 |
2,04% |
|
облыс әкімінің аппараты басшысының орынбасары |
1 |
0,23% |
|
аудан (қала) әкімдіктерінің аппарат басшылары |
13 |
2,95% |
|
облыс мәслихаты аппараты басшысының орынбасары |
1 |
0,23% |
|
облыстық басқарма басшысы |
6 |
1,36% |
|
облыстық басқарма басшысының орынбасары |
7 |
1,59% |
|
дербес бөлім басшысы |
79 |
17,91% |
|
дербес бөлім басшысының орынбасары |
21 |
4,76% |
|
ауыл, ауылдық округтердің әкімі |
45 |
10,20% |
|
ауыл, ауылдық округ әкімінің орынбасары |
2 |
0,45% |
|
құрылымдық бөлім басшысы |
164 |
37,19% |
|
сектор меңгерушісі |
91 |
20,63% |
|
Жалпы |
441 |
100% |
Жалпы алғанда, мемлекеттік қызметіндегі гендерлік саясат - мемлекеттік басқару жүйесінде азаматтардың тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық басымдықтардың бірі.
Қазіргі таңда мемлекеттік органдардағы кадрлық құрамды қалыптастыру барысында меритократия қағидатымен қатар, әйелдердің шешім қабылдау деңгейіндегі үлесін арттыру мәселесіне ерекше назар аударылады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметте гендерлік сезімталдықты дамыту үшін кәсіби іріктеу және ілгерілету кезеңдерінде ешқандай кемсітушілікке жол бермеу тетіктері жолға қойылған. Осылайша, мемлекеттік сектордағы гендерлік саясат тек теңдікті жариялаумен шектелмей, кәсіби ортада әділ бәсекелестік пен инклюзивті мәдениетті орнықтырудың негізгі құралына айналуда.
Жазира Сейтмағанбетова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы