Конституциялық реформа: Ел дамуының жаңа серпіні

1408
Фотосурет: коллаж DKNews.kz/AI-generated

Елімізде өтетін жалпыұлттық референдум - тәуелсіз Қазақстан тарихындағы аса маңызды кезеңдердің бірі. Біз тағдырлы тарихи шешімнің тікелей куәсі болғалы отырмыз. Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумның өткізілуі мемлекеттің саяси жаңғыру жолындағы батыл әрі жауапты қадамы.

Ұсынылып отырған конституциялық реформалар ел дамуына жаңа серпін беріп, қоғамның қазіргі сұранысына сай жүйелі өзгерістерді жүзеге асыруға бағытталған. Арнайы құрылған жұмыс тобы мен жетекші сарапшылар жан-жақты талдау жүргізіп, халық талқысына ұсынылатын нақты әрі маңызды бастамаларды белгіледі.

Референдум аясында қабылданатын өзгерістер саяси жүйенің архитектурасын жаңартып, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайтуға, азаматтардың мемлекеттік шешімдер қабылдау жұмыстарына тікелей қатысу мүмкіндігін кеңейтуге жол ашады.

Ең бастысы, жалпыұлттық референдум - әділетті, ашық әрі жауапты мемлекет құру жолындағы халықтың саналы таңдауын айқындайтын маңызды шешім.

Жандос Болдықов, «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -