Тоқаев Қазақстанның көрнекті әйелдерін марапаттады

2189
Фотосурет: Akorda

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шараға қатысып, қазақстандық әйелдерді көктемнің шуақты мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Президент өз сөзінде әйелдердің қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтті.

Бұл мейрам – мейірім мен жылулықтың, даналық пен сұлулықтың нышаны. Әйел – тіршіліктің тірегі, берекенің бастауы. «Бесікті де, әлемді де тербеткен» әйелдің жүрегі – ізгіліктің мекені. Сондықтан әйелдің қадірі – елдің қадірі деп айтсақ артық болмайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы салтанатты жиында елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосқан бір топ қыз-келіншекті мемлекеттік наградалармен марапаттады.

I дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені

Бұл жоғары наградамен марапатталған:

  • Ыдырысова Шакира Нұржұманқызы – «Ыдырысова Ш.» ШҚ басшысы, Жетісу облысы

III дәрежелі «Барыс» ордені

  • Еспаева Дания Мәдиқызы – Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары

Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі «Айбын» ордені

  • Өмірзақова Аягүл Оңталапқызы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аса маңызды істер бойынша аға жедел уәкілі
  • Райымқұлова Әйгерім Маралқызы – Төтенше жағдайлар министрлігінің басқарма бастығы

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы

Бұл құрметті атақ берілді:

  • Перепечина Ольга Валентиновна – Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары
  • Имашева Снежанна Валерьевна – Парламент Мәжілісінің депутаты
  • Аманбай Ғазиза Абдықалыққызы – «І. Есенберлин атындағы №25 гимназия» КММ директоры, Алматы
  • Бабашева Мәнсия Нұрғалиқызы – «Timal Consulting Group» ЖШС директорының орынбасары, Атырау облысы
  • Исаева Маржан Таупыққызы – ҰҚК Шекара қызметі ансамблінің солисі
  • Қанатқызы Риза – «Астана Балет» театрының бірінші солисі
  • Жұмағалиева Гүлсәнім Орынғалиқызы – Мемлекеттік күзет қызметінің «Айбын» президенттік полкі Президенттік оркестрінің маманы
  • Өмірзақова Гаухар Алтынбекқызы – «AlmaTime» тобының солисі
  • Смышляева Екатерина Васильевна – Парламент Мәжілісінің депутаты
  • Өскембаева Жұлдыз Серікқызы – ІІМ Алматы қаласы полиция департаменті ансамблінің солисі

«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағы

  • Белоусова Татьяна Геннадьевна – «№95 мектеп-лицей» химия пәнінің мұғалімі, Алматы
  • Смирнова Ирина Владимировна – Парламент Мәжілісінің депутаты

«Парасат» ордені

  • Абдуллина Карина Абрековна – әнші
  • Әлпейісова Қамал Әбілқасымқызы – жазушы
  • Шумекова Кристина Русланқызы – «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК спортшысы
  • Батыршева Рухия Махмұтқызы – балалар өнер мектебінің мұғалімі, Ақтау
  • Ысқақова Жеңіс Ермағанбетқызы – эстрада әншісі
  • Смағұлова Зәуреш Қадырбекқызы – «Астана медицина университеті» ғылыми қызметкері

«Ел бірлігі» ордені

  • Усанова Руфина Касымовна – «Тугантель» облыстық татар мәдени орталығының төрағасы

«Құрмет» ордені

Бұл орденмен марапатталғандар:

  • Әлиайдар Гүлжан Әлиайдарқызы
  • Арғынбекова Айнұр Серікпайқызы
  • Ахметжанова Зәйтуна Ғалиқызы
  • Қалиева Айсұлу Қажымұратқызы
  • Васильева Надежда Владимировна
  • Дүзбаева Зоя Жұмағалиқызы
  • Жүсіпбекова Гүлмира Қоқанқызы
  • Зейнелова Мария Александровна
  • Казакова Светлана Михайловна
  • Кармен Зарина Мұхтарқызы
  • Қасымова Салтанат Амангелдіқызы
  • Левкович Жанна Юрьевна
  • Намазбаева Инара Әбдіғаппарқызы
  • Көшенова Шолпан Рудақызы
  • Смағұлова Райхан Темірбайқызы
  • Соловьёва Ирина Анатольевна
  • Төребаева Гүлсімжан Орынбасарқызы
  • Тұяқова Сәлима Тоқтасынқызы
  • Чалова Лэйла Рашидовна
  • Шуақбаева Айсұлу Қошмаққызы
  • Шолтанова Зәрипа Есенбайқызы

III дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені

  • Алтаева Гүлдариха Өтелбайқызы
  • Бескемпірова Айбарша Жолдасқызы
  • Ісбасарова Қаншыкүл Тілеубайқызы
  • Мұхамеджанова Зәуре Есләмқызы
  • Сабырова Тамара Мағзомқызы

«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі

  • Липатова Оксана Владимировна
  • Айтмырзаева Роза Сатыбалдықызы
  • Сағадат Жаңылсын Дәуренқызы

«Ерен еңбегі үшін» медалі

  • Сузуки Канон
  • Исмағамбетова Қарлығаш Ермекқызы
  • Аппазова Зарина Жеңісқызы
  • Жидебаева Сәуле Әуезқызы
  • Қарамурзина Маржан Жолаубайқызы
  • Корчагина Наталья Викторовна
  • Нарбекова Бану Мұқатайқызы
  • Төлеш Ботагөз Шоқанқызы
  • Тұңғышбаева Айнұр Нұрланқызы
  • Шилихина Татьяна Владимировна
  • Шолпанқұлова Мейранкүл Әубәкірқызы
  • Шопатаева Ақерке Бекғалиқызы

«Шапағат» медалі

  • Сурина Мария Алексеевна
  • Кадын Аида Витальевна

Мемлекет басшысы әйелдердің елдің дамуына қосқан үлесі зор екенін атап өтіп, олардың қоғамдағы рөлі мен еңбегі әрдайым жоғары бағаланатынын айтты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -