Ұлттық электронды кітапхананы 227 мыңнан астам адам пайдаланды

770
Фотосурет: t.me/madenietaqparat

Жыл басынан бері Қазақстан Ұлттық электронды кітапханасының пайдаланушылары саны 227 446 оқырманға жетті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Статистикаға сәйкес, авторлардың рұқсатымен жүктелген құжаттар саны 329 485-ті құраса, кітапхана материалдары жалпы алғанда 1 408 540 рет қаралған.

Электронды кітапханаға шетелден де қызығушылық бар

Ұлттық электронды кітапхананы тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің әртүрлі елдеріндегі оқырмандар да пайдаланып келеді.

Порталға Қытай, Ресей, АҚШ, Вьетнам, Өзбекстан, Түркия, Нидерланд, Франция және Қырғызстан елдерінен тіркелген қолданушылар бар.

Қорда 64 тілдегі мыңдаған материал сақталған

Электронды кітапхана қорында 64 тілде ұсынылған 84 664 құжат бар.

Олардың қатарында:

  • кітаптар
  • ғылыми мақалалар
  • газет-журналдар
  • диссертациялар
  • ноталық жинақтар
  • аудио және видео материалдар
  • архивтік құжаттар

Портал барлық оқырманға қолжетімді

Қазақстан Ұлттық электронды кітапханасы – қазақстандық мазмұндағы кең көлемді ақпарат ұсынатын алғашқы мемлекеттік кітапхана порталы.

Порталдың маңызды ерекшеліктерінің бірі – көру қабілеті бұзылған адамдарға бейімделіп жасалғаны.

Сонымен қатар пайдаланушылар порталға тіркелмей-ақ толық мәтінді құжаттармен таныса алады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -