Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грекия Президенті Константинос Тасуласқа құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Ұлттық мерекемен құттықтау
Президент Тоқаев Грек Республикасының ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күніне орай жеделхат жолдап, екі ел арасындағы достық пен өзара ынтымақтастықты ерекше атап өтті.
Жеделхатта былай делінген:
«Қазақстан мен Грекия арасындағы достық пен өзара ынтымақтастыққа негізделген қатынастардың тұғыры берік, әлеуеті зор екенін атап өткім келеді. Болашақта да сан қырлы ынтымақтастығымыз халықтарымыздың игілігі үшін беки түседі деп сенемін».
Арнайы тілектер
Қасым-Жомарт Тоқаев Константинос Тасуластың аса жауапты қызметіне толайым табыс тілеп, Грекия халқына құт-береке тіледі.